Автор туралы Өлеңдер Жинақтар Әндер Зерттеулер Галерея Қонақ кітабы
← Барлық өлеңдер
semserdin-juzine-osken-gul

Сыңсу

Сыңсу
«Енді есен бол жан әке...»
(Ұзатылған арудың сөзі)

Бұл әуенді еш естігім келмейді
Кезінде осы әуен сазымен
төрт әпкем кеткенді алыстап.
Расында...
төртеуі жүретін
су бетін толқытқан аққудай қасымда,
алысқа кеткенде
сүйегім жасыды,
тұз тиген жарадай
жүрегім ашыды.
...Еш көргім келмейді,
түбі бір басыма
оралып келерін білсем де осы күн.
Кейде қамырық хал кешем...
ұлдарым тезірек ержетіп,
ал қызым...
нәзігім, көркім
сол сәби шағында
мәңгілік...
мәңгілік, қалса ғой шіркін!

...шіркін деп шаншиды жүрек!!!