Автор туралы Өлеңдер Жинақтар Әндер Зерттеулер Галерея Қонақ кітабы
← Барлық өлеңдер
semserdin-juzine-osken-gul

Әуен ішіндегі анам

Әуен ішіндегі анам

I

Қоюын-ай мына барқын дауыстың
Қара атанның жон арқасын кім үзді?
Айтыңызшы,
қой деңізші қобызға
көз шырымын неге ілмейді сыбызғы?!

II
Сартап
сағыныш,
қайғыны көңілім айтсын
...қайнап шыққан бұлағы төмен тартып.
Рас,
түнімен көз ілмедім
Көкірегіме анамның қабірі батып.

III

Кеудемнің қақ ортасы алашапқын
Жерге емес...
сол мекенге мола саппын.
Қос көлдің мың шайқалған толқынымен
Бетіне шығады анам қарашықтың...

Бұл өзі көкіректен келген адам
Болғанмен бейнесі анық, сөзге сараң.
Бетіне қарашықтың қалқып шығып
бетіңді айғыздай ма өлген адам.

...«өлген адам»!