← Барлық өлеңдер
semserdin-juzine-osken-gul
Cерт
Cерт
I...Ораулы бөпе тәрізді Тарам да тарам он саусақЖаза алмасаң саған серт.Көмекейдің өтіндеҚоздаған шоқтай, қызыл тілАйталмасаң саған сертАйналып келіп маған серт. Сырғақтасам, тайқысамҚос өкпені жан қыссынҚаламсабым қақалып қызылкүрең қан құссын. Ақ қағаздың бетіненҮдере көшіп сол киемаяғы селге ұлассын.Ауыт басып адассамШашыратып қанымды Қақыратып тәнімдіҚақ төбемнен жай түссін!
II
Іш-сыртым иістеніп, іріңдеп,
Ит талап жүрегім жыртылсын.
Қабырға сүйегім сөгіліп,
Тіл-жағым түбінен қырқылсын.
Тәнімнен періште дүркіреп,
Жын-шайтан төсімді таптасын.
Көзіме көк шыбын үймелеп,
Көріме көртышқан қаптасын.
Анамның ақ сүті ар болмай,
Жұрт кетсін түкіріп бетіме.
Жаратқан жанымды жақамай,
Жанайын тозақтың өртіне.
Көмусіз тастаңыз мүрдемді,
Шыбын мен шіркей жеп жарысын.
Аш құзғын көзімді опырып,
Көк бөрі кеудеме сарысын.
Көрінде көсілмес тәнімнің
Пошымын қызылқұрт шерткіле,
Терімді тірідей сыпырып,
Тезегім түскенше тепкіле.
...тайқысам сол серттен!