← Барлық өлеңдер
semserdin-juzine-osken-gul
Метеориттер
Метеориттер
Күретамырдан аққан қызыл қан
әуелей ұшып буға айналды.
Жас арудың қыстыққан зары
ауаға сіңіп,
құмға айналды.
Сіз білесіз ғой...
Тастар – омырау сүтін көкке сауған
аналар шерінен пайда болатынын.
Осынау...
Талыққан дауыс пен таудай күнәні арқалап
аспан қашанғы шыдайды?
(түтіліп түбі бір сұлайды).
...омырау сүтінен жаралған
обадай-обадай осы бір тастар
кезегі келгенде
оқ жыландай суылдап
...тура төбемізге құлайды.
Күретамырдан аққан қызыл қан
әуелей ұшып буға айналды.
Жас арудың қыстыққан зары
ауаға сіңіп,
құмға айналды.
Сіз білесіз ғой...
Тастар – омырау сүтін көкке сауған
аналар шерінен пайда болатынын.
Осынау...
Талыққан дауыс пен таудай күнәні арқалап
аспан қашанғы шыдайды?
(түтіліп түбі бір сұлайды).
...омырау сүтінен жаралған
обадай-обадай осы бір тастар
кезегі келгенде
оқ жыландай суылдап
...тура төбемізге құлайды.