Автор туралы Өлеңдер Жинақтар Әндер Зерттеулер Галерея Қонақ кітабы
← Барлық өлеңдер
semserdin-juzine-osken-gul

Туған күн туралы ән

Туған күн туралы ән

«...Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек»
(Абай)

Қайда кеттің үзіліп таусыншақ күн
Түсінбейді-ау тағдырдың нарқын адам.
...түсінерім,
Күрсіден жазылған хат
Жыл аунаса жылжиды жарты қадам...

Ахау...
Аспан теңіз,
адам қайық,
мұғалақ,
дүние ғайып.
Ахау, ал...
ажалды атап өтейік
дастархан жайып...

Қайда кеттің қара шаш қайшы өтпейтін
Қалай түсті білмедім қар басыма.
Бозаң тартқан бұл самай сол жазудың
Бұрын жеткен бұйрық таңбасы ма?

Ахау...
Аспан теңіз,
адам қайық,
мұғалақ,
дүние ғайып.
Ахау, ал...
ажалды атап өтейік
дастархан жайып...