Автор туралы Өлеңдер Жинақтар Әндер Зерттеулер Галерея Қонақ кітабы
← Барлық өлеңдер
semserdin-juzine-osken-gul

Әбілхайырдың хаты

Әбілхайырдың хаты
Бұл хат емес...
тұтас қауымды
тозаққа тастаған тағдыр ғой,
түбіне бір жетпей тынбады,
(осылай бір халық түгелдей жынданды).
...сол сия бу болып көкке ұшып кетсе еді,
неге жазған адамның қолы қарысып,
білегі бес жерден сынбады?
Қара шаш ағарды,
қара көз суалды,
...әй, шойынқұлақтар,
беріш жүректер,
осылардан ұл туа ма жаны ізгі
...еркіндік пен бостандық деп айтып көр,
көтенімен тұншықтырсын ауызды.

Шіркін-ай,
шіркін-ай...
тозаққа қауымның түскенін...
жел білсе желкелер еді ғой,
жер білсе жиіркенер еді ғой,
қара аспан түбінен қақырап
көк теңіз өртенер еді ғой.

«Бабалар, даналар...
...Ақ найза ұшымен
Ақ білек күшімен...»
Қойыңыз, тойдық қой кеуекке,
бұл сөзге сәби де сенбейді,
әридәй ертектер,
ақбөпе әлдилер,
...енді дерекке жүрмейді.
Құладым тозаққа
айғыздап бетімді,
сорамнан еш қайыр болмады,
қайырылып үріккен бақ қонбады,
...осы бір жапырақ қағаз
көк сия
бір дүйім қаймана қауымның
ғұмырынан шер,
көзтостағынан көл жасар деп
сірә,
...кім ойлады?!